Оян мектебінде «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында 1–4 сынып оқушылары арасында жоба ұйымдастырылды.

Оян мектебінде «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында 1–4 сынып оқушылары арасында жоба ұйымдастырылды.

Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларының отбасы құндылықтарын дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында 1–4 сынып оқушылары арасында жоба ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және отбасы мүшелерімен бірге өткізген бақытты сәттерін еске түсіру арқылы жағымды эмоциялық орта қалыптастыру.Жоба аясында оқушылар өз отбасыларымен бірге өткізген ерекше күндері туралы әңгімелер, суреттер, фотоколлаждар және шағын шығармалар дайындады. Кейбір оқушылар бейнероликтер түсіріп, өз отбасыларының дәстүрлері мен қызықты сәттерін таныстырды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз жұмыстарын қорғап, сыныптастарымен бөлісті. Бұл олардың өз ойларын еркін жеткізуіне, сөйлеу мәдениетін дамытуға және өзара сыйластықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Жобаны ұйымдастыру барысында ата-аналардың да белсенді қатысуы байқалды. Олар балаларымен бірге шығармашылық жұмыстар орындап, отбасы құндылықтарын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Қорытындылай келе, аталған жоба оқушылардың отбасыға деген құрметін арттырып, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.