Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебі «Ғарыштық технологиялар және болашақ» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.

Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебі  «Ғарыштық технологиялар және болашақ» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.

Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 12 сәуір – Ғылым және космонавтика күніне орай «Ғарыштық технологиялар және болашақ» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ғарыш саласындағы заманауи технологиялар туралы түсінік беру, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру және болашаққа деген көзқарастарын кеңейту болды.
Іс-шара барысында оқушылар ғарыштың қыр-сырымен танысып, зымырандар, жерсеріктер және болашақтағы ғарыштық зерттеулер туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Мұндай танымдық сабақтар жас ұрпақтың ғылымға деген ынтасын арттырып, олардың болашақта білімді, ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.