
Сенбілік барысында ауылдың мәдениет үйі аумағында және оған жақын көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер айналаны қоқыстан тазартып, аумақты абаттандыруға белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, ағаштар әктеліп, гүл отырғызу жұмыстары да қолға алынды.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру. Сенбілікке қатысушылар өз үлестерін қосып, туған жердің көркеюіне септігін тигізді.