
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру болды.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, сынып жетекшілер және оқушылар қатысты. Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы тәртіп мәселелері, олардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалары, мектеп ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді.
Жиналыс барысында түрлі мысалдар келтіріліп, құқықтық жағдаяттар талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Іс-шара соңында оқушыларға тәртіпті сақтау – әр адамның басты міндеті екені, ал заңды құрметтеу – саналы азаматтың белгісі екені атап өтілді. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.