Ірі қара малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде

Ірі қара малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде

Балпық ауылдық округінің ветеринариялық қызметкерлері Умтыл ауылында ірі қара малдарға құлақ сырғасын тағу жұмыстарын жүргізуде. Аталған шара малдарды бірдейлендіру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Құлақ сырғасын салу – әрбір малды тіркеу, оның қозғалысын бақылау, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жұмыстар арқылы мал ауруларының алдын алу, дер кезінде анықтау және тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігі артады.
Жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.