Балпық ауылдық округінде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Балпық ауылдық округінде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Балпық ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекелік шараға округ тұрғындары мен арнайы келген қонақтар белсене қатысып, ұлттық дәстүр мен мәдениетті ұлықтаған мазмұнды бағдарлама ұсынылды.
Ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, ауыл жастары мен үлкендері өз бақтарын сынап, белсенділік танытты. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік концерт барысында өнерпаздар әсем ән шырқап, би билеп, түрлі көріністер қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, елге амандық, береке мен бірлік тіледі.
Бұл күн – тек көктемнің келуін ғана емес, жаңару мен жақсылықтың бастауы екенін айшықтайтын ерекше мерекеге айналды. Балпық ауылдық округінің тұрғындары Наурыз мейрамын бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі ретінде атап өтті.