Жаңаталап орта мектебінде «Ұлттық киімді насихаттау күніне» орай бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Жаңаталап орта мектебінде «Ұлттық киімді насихаттау күніне» орай бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен ұстаздары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, оның ерекшеліктері мен маңызын кеңінен таныстырды. Қатысушылар ұлттық киімдердің тарихы, олардың түрлері, ою-өрнектерінің мәні мен тәрбиелік мағынасы туралы жан-жақты мәлімет алып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты қалыптастырып, салт-дәстүрді дәріптеуге зор ықпал етеді.