Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Ескелді ауылдық мәдениет үйінде “Шаңырақ күніне” арналған мерекелік іс-шара өтті.

Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Ескелді ауылдық мәдениет үйінде “Шаңырақ күніне” арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мереке барысында “Алтын шаңырақ” номинациясымен 50 жылдан астам уақыт тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан өнегелі отбасылар, сондай-ақ “Күміс кереге” номинациясымен 25 жылдан аса отасқан шаңырақ иелері құрметтеліп, оларға ізгі тілектер айтылып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Шараға Балпық ауылдық округінен де екі отбасы қатысып, өз марапаттарына ие болды.
Келе жатқан әз-Наурыз құтты болсын!