
Жаңаталап орта мектебінде сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Жарысқа ауыл мектептерінің оқушылары белсенді қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.