
Жетісу Газсервис мамандары Жаңаталап ауыл тұрғындарымен кездесіп, табиғи газ тарифіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қолданыстағы тариф мөлшері, оның қалыптасу тәртібі, төлем жасау шарттары және есептегіш құралдарының көрсеткіштерін тапсыру жолдары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ төлем мерзімдері мен есеп айырысу тәртібі түсіндірілді.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Шараның негізгі мақсаты – есептеулердің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың табиғи газ төлемдері бойынша ақпараттандырылуын арттыру.