
25 ақпан күні Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінде «Даналар туған – құт мекен» атты көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Аталған байқаудың мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық өнерді насихаттау және жас таланттардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында қатысушылар ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Кеш барысында ауыл өнерпаздары жоғары дайындықпен өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау соңында үздік қатысушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды