Оян ауылындағы МДШО бар мектепте жас педагогтер апталығы өтті

Оян ауылындағы МДШО бар мектепте жас педагогтер апталығы өтті

Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2026 жылғы 16–20 ақпан аралығында мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында жас мамандар апталығы ұйымдастырылды. Апталық аясында «Білім. Біліктілік. Дағды» атты идеялар аукционы өткізілді.
Идеялар аукционының мақсаты – жас мамандардың білім, біліктілік және кәсіби дағдыларын бағалау және жетілдіру, олардың кәсіби өсуіне қажетті бағыттарды айқындау, сондай-ақ өзін-өзі бағалауына, өз мүмкіндіктерін танып, дамытуына қолдау көрсету.
Іс-шара барысында жас мамандар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту үдерісіне енгізіп жүрген тиімді әдіс-тәсілдері мен жаңа идеяларын ұсынды. Қатысушылар шығармашылық белсенділік танытып, заманауи білім беру технологиялары, оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары және сабақтың сапасын жақсартуға бағытталған тың ұсыныстарын ортаға салды.
Аукцион өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби қолдау көрсетуге және жас мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді. Шара қорытындысында белсенділік танытқан жас педагогтердің жұмыстары жоғары бағаланып, оларға әдістемелік ұсыныстар берілд