
Қоғамдық жұмысшылар елді мекен аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық шарасы барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, жол жиектері ретке келтірілді. Сонымен қатар, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – ауылдың тазалығын сақтау, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру. Тазалық – ортақ іс, сондықтан тұрғындар да қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосуда.