Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және әр азаматтың жауапкершілігі туралы өзара пікір алмасты. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, түрлі жағдаяттық сұрақтарды талқылап, мәселенің маңыздылығын терең түсінді.
Аталған шара жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеуге, олардың бойында парасаттылық, жауапкершілік және азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.