Мобильді топ жұмысы аясында кезекті жоспарлы іс-шараларын өткізді

Мобильді топ жұмысы аясында кезекті жоспарлы іс-шараларын өткізді

Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні Жанұя отбасын қолдау орталығы КММ мамандары Балпық би ауылдық округі және Жолбарыс батыр ауылдық округі аумақтарында мобильді топ жұмысы аясында кезекті жоспарлы іс-шараларын өткізді.

Кездесу барысында мобильді топтың қызметін одан әрі жетілдіру, жұмыс барысын үйлестіру және алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар, FSM Social ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізу алгоритмі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүйемен тиімді жұмыс істеу жолдары қарастырылды.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері назарға алынып, орталық тарапынан қажетті кеңес беру және көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.

 Шараның негізгі мақсаты – мобильді топ қызметінің нәтижелілігін арттыру, ақпараттық жүйемен жұмыс сапасын жетілдіру және халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектің тиімділігін күшейту.