Пробация есебінде тұрған азаматтарға қатысты бірлескен рейдтік шара ұйымдастырылды

Пробация есебінде тұрған азаматтарға қатысты бірлескен рейдтік шара ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні кешкі мезгілде пробация есебінде тұрған азаматтарға қатысты бірлескен рейдтік шара ұйымдастырылды. Іс-шара пробация қызметкерлері мен «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарының қатысуымен өткізілді.

Рейд барысында тіркеуде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары араланып, сот жүктеген міндеттердің орындалуы тексерілді. Сондай-ақ олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.