Округ әкімінің халықпен кездесу – Жаңаталап ауылында

Округ әкімінің халықпен кездесу – Жаңаталап ауылында

Бүгін, 13 ақпан күні Балпық ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылының Мәдениет үйінде округ әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында округ бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары баяндалып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер таныстырылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын толғандырған инфрақұрылым, абаттандыру, жол, коммуналдық және әлеуметтік мәселелер талқыланды.
Жиын барысында тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша нақты жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.
Мұндай кездесулер жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді