2026 жылдың 10 ақпан күні Балпық ауылдық округінде, Көктемгі шақыру - 2026: әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары

2026 жылдың 10 ақпан күні Балпық ауылдық округінде, Көктемгі шақыру - 2026: әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары

2026 жылдың 10 ақпан күні Балпық ауылдық округі әкімдігінде Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 17-бабы 1-тармағына сәйкес 2026 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылатын, сондай-ақ зерделеуге жататын азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға ауылдық округ әкімдігі өкілдері, әскери есепке алу мамандары, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар ата-аналарымен бірге қатысты. Кездесу барысында мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі, медициналық тексеруден өту кезеңдері, әскери қызметтің шарттары,  жеңілдіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екені атап өтіліп, жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, шақыру науқанына қатысты барлық қажетті мәліметтер жеткізілді.
Аталған түсіндіру жұмыстарының мақсаты – әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру, көктемгі шақыру науқанын ұйымдасқан түрде өткізу және жастарды әскери қызметке дайындау болып табылады.