
Кездесу барысында округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Сонымен қатар ауылдың өзекті мәселелері көтеріліп, тұрғындар тарапынан жол, көше жарығы, абаттандыру және әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қойылды.
Округ әкімі әрбір ұсыныс пен өтініш назарға алынатынын айтып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты.