
Балпық ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылының спорт кешенінде мемлекеттік және бюджеттік мекемелер қызметкерлері арасында волейболдан «Түнгі лига – 2026» чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Аталған жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және спортқа деген қызығушылықты арттыру.
Чемпионатқа округ аумағындағы мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің командалары қатысуда. Ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың әділ әрі тартысты өтетініне сенім білдірді.
«Түнгі лига – 2026» чемпионаты бірнеше кезеңнен тұрып, үздік командалар анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Бұл спорттық шара ауыл тұрғындары арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, сондай-ақ командалық рухты қалыптастыруға өз үлесін қосады.