Бүгін Балпық ауылдық округінің әкімі Үмтыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Бүгін Балпық ауылдық округінің әкімі Үмтыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақты абаттандыру, жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің сапасы мәселелері талқыланды.
Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер беріліп, маңызды өтініштер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешу жұмыстары жүргізілетін болады.
Мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға және жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді уақытылы шешуге бағытталған.