ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған Конституция жобасының 7-бабын талқылады.

Бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін болса, белгілі бір әрекеттерді шектеу мүмкіндігін көздейтін нормалар туралы. Ұсынылған өзгерістер сенім мен сөз бостандығына қарсы емес, тек азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне нақты қауіптер туындайтын жағдайларға қатысты екенін айта кеткен жөн.

Денсаулық сақтау ұлттық қауіпсіздік мәселесі ретінде қарастырылады, сондықтан кез-келген заңсыз әрекеттер, соның ішінде діни ұрандармен жасалып, адамдардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер мемлекет тарапынан шектелуге жатады.

Мұндай қажеттілік нақты фактілерге байланысты. Денсаулық сақтау деректері бойынша, вакцинациялаудан бас тартудың шамамен 16%-ы діни сенімдерге байланысты.

Сондай-ақ, балаларға қатысты шешімдер қабылданған жағдайларды қоса алғанда, қан құюдан бас тарту жағдайлары тіркеледі. Мұндай бас тартулардың өсуі иммунизацияланбаған азаматтар санының көбеюіне және соның салдарынан вакцинацияланбаған халықтың арасында инфекциялық аурулардың өршуіне әкеледі.

Жақында Ақмола облысында ата-аналардың діни себептермен қан құюдан бас тартуы баланың өліміне әкеп соқтырған жағдай қайғылы мысал болды. Діни себептер бойынша бас тартудың жоғары деңгейі Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында да — 24,4%-дан 63,6%-ға дейін тіркелді.

Мемлекет өмір сүру және денсаулық сақтау құқығы негізгі, базалық құқық болып табылатынын және оның ешқандай жағдайда қауіпке ұшырамауы тиіс екенін басшылыққа алады. Ар-ождан және діни сенім бостандығы сақталады, алайда ол өмірлік маңызы бар медициналық көмектен бас тартуға себеп болмауы, сондай-ақ сырқаттанушылық пен өлімнің өсуіне әкелмеуі ти