«Адал азамат» бағдарламасы аясында ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттары

«Адал азамат» бағдарламасы аясында ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттары

Балпық ауылдық округіне қарасты Жаңаталап орта мектебінде өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Аталған тәрбиелік іс-шаралар «Ата-ана Time» жобасы шеңберінде өткізіліп, сынып жетекшілерінің қолдауымен ата-аналардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылды.
Сынып сағаттары барысында ата-аналар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, адамгершілік құндылықтар, адалдық, жауапкершілік пен өзара құрмет мәселелерін кеңінен қозғады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналар арасында ашық диалог орнап, тәрбиелік маңызы зор пікір алмасулар жүргізілді.
Аталған жоба мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайтып, тәрбие үдерісіндегі өзара ықпалдастықты арттыруға, сондай-ақ оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсер етуді көздейді.