
Салтанатты іс-шараға Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Оңғаров А.Н.,
Primary Health Care Ұлттық қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рахыпбеков Т.К,
сондай-ақ аудандық орталық аурухананың медицина саласының ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты.
Лентаны қию рәсімін Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Оңғаров А.Н. және профессор Рахыпбеков Т.К жүзеге асырды.
Орталықтың негізгі мақсаты — алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын арттыру. Мұнда мамандар пациенттерге кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.
Жұмыстың басты бағыты — отбасылық медицина қағидаттарын енгізу, әр пациенттің әлеуметтік жағдайына ерекше назар аудару.
Бүгінде емханада 27 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Мұнда 22 отбасылық дәрігер мен 120-дан астам түрлі сала мамандары жұмыс істейді.
Орталықтың арқасында пациентті туғаннан бастап егде жасқа дейін бақылайтын көпсалалы топтар құрылуда.
Бұл топ құрамында отбасылық дәрігерлер, патронаждық медбикелер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және қажет болған жағдайда бейінді мамандар бар.
Орталықтың басты ұстанымдары — қауіпсіздік, қолжетімділік және тиімділік.
Біз үшін саннан гөрі сапа маңызды. Ең бастысы — тұрғындардың денсаулығына қамқорлық жасап, олардың медициналық қызметке қанағаттануын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар емханада «Халық кеңесі» құрылды. Оның құрамына ауданның белсенділері мен емхана қызметкерлері енді. Кеңес тұрғындармен бірлесіп, медициналық қызмет көрсету сапасы мен инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешуге атсалысады.