
Бәйшегір ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, ағымдағы жылдың 25 сәуір күні округте «СЕНБІЛІК» ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және еріктілері ұйымдасқан түрде қатысты. Округ маңайындағы қоқыстарды, өзен жағалауларына тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді. «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.