Қаратал ауданының командасы “Жас құтқарушылар” жарысында жүлделі орынға ие болды

Қаратал ауданының командасы “Жас құтқарушылар” жарысында жүлделі орынға ие болды

🔻2025 жылы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен облыстық “Жас құтқарушылар” жарысында Қаратал ауданының командасы жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды.

🔻Бұл жарыс жасөспірімдер арасында құтқару ісінің дағдыларын дамыту, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Қаратал ауданының жастары көрсеткен ептілік пен батылдық – ауданымыз үшін үлкен мақтаныш!