«Абылай ханның тарихи мұрасы»

«Абылай ханның тарихи мұрасы»

Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ханы, көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 315 жыл толуына орай «Дана билеуші» атты тақырыпта тарихи сағат өткізілді.
Тарихи сағат барысында қатысушыларға Абылай ханның қазақ елінің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтаудағы еңбегі жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі ерлігі, үш жүздің басын қосудағы даналығы, көреген саясаткер болғаны айтылды.
Шара барысында Абылай хан туралы тарихи деректер оқылып, қанатты сөздері мен ел арасында сақталған аңыз-әңгімелер таныстырылды. Оқырмандар назарына тақырыпқа сай кітап көрмесі ұсынылып, тарихи әдебиеттерге шолу жасалды.
Шарада қатысушыларға Абылай хан туралы сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Тарихи сағат оқырмандардың қызығушылығын арттырып, ел тарихын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Шара соңында кітапханашы:
«Абылай хан – ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы. Оның ерлігі мен даналығы – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге», – деп қорытындылады.
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар насихатталып, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірі дәріптеледі.