
2026 жылдың 15 мамыр күні Бәйшегір ауылдық округі тұрғындарына тегін заң көмегін көрсету мақсатында "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің бөлім басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, ТҮКШ ЖК АЖ және тұрғын үй инспекциясы, сәулет және қалақұрылысы, аудандық аурухана, полиция, төтенше жағдайлар бөлімі және т.б. мекеме мамандарының қатысуымен "Ашық есік" күні өтті. Шара барысында ауыл тұрғындары жеке мәселелерімен жүгініп, тұрғындарға өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша заң аясында құқықтық көмек көрсетілді.