«Табиғат аясындағы қауіпсіз демалыс»

«Табиғат аясындағы қауіпсіз демалыс»

Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі «Табиғат аясындағы қауіпсіз демалыс» туралы ескертеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде демалыс күндері табиғат аясында серуендеп, таза ауада демалатын уақыт болып саналады. Демалыс күндері тек жағымды әсер қалдыруы үшін қоршаған ортаны сақтау мен адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау маңызды.

Көктем мезгілі табиғи өрттердің туындау қаупі жоғары кезеңдердің бірі болып есептеледі. Өткен жылдан қалған құрғақ шөп пен желді ауа райы өрттің үлкен аумаққа тез таралуына себеп болады. Осыған байланысты әрбір тұрғынды сақтық танытып, орман алқаптары мен саяжай учаскелерінде белгіленген қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы жабдықталмаған орындарда ашық от жағудан толықтай бас тартуды ұсынамыз. Темекі шегу кезінде абай болып, сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастамау қажет. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды жинап кету маңызды, өйткені тасталған шыны бөтелкелер күн сәулесінің әсерінен линза қызметін атқарып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Егер түтін немесе өрт ошағын байқасаңыз, дереу 112 бірыңғай кезекші қызмет нөміріне немесе 101 өрт сөндіру қызметіне хабарлауыңызды сұраймыз.