Әл-Фараби – ұлы ойшыл

Әл-Фараби – ұлы ойшыл

21 сәуір күні Алмалы ауылдық кітапханасында ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға ғалымның өмір жолы мен еңбектері таныстырылып, ізгілік пен адамгершілік туралы тағылымды ойлары насихатталды.
Сонымен қатар, «Әл-Фараби – ізгіліктің ілімі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ғалымның шығармалары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылды. Іс-шара барысында оқушылар өлең оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара оқырмандардың қызығушылығын арттырып, рухани танымын кеңейтті.