«Шәкәрім оқулары – 2026» бас жүлде иегері

«Шәкәрім оқулары – 2026» бас жүлде иегері

2026 жылғы 21 сәуір күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен IV «Шәкәрім оқулары» байқауында Бәйшегір ауылдық округі Алмалы ауылының кітапханасының оқырманы Жасбатыр Жанәділ Сәрсенұлы Бас жүлде иегері атанды.
Жас оқырманымызды жүлделі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Білім мен өнер жолындағы талпынысың әрдайым биік белестерге жетелесін. Шығармашылық шабыт, сарқылмас жігер, мол табыс тілейміз! Алдағы уақытта да осындай жетістіктерің көбейіп, ел мақтанышына айнала беруіңе тілектеспіз. Жолың әрдайым ашық, армандарың асқақ болсын! ✨