
2026 жылғы 11 сәуірде Үштөбе қаласында жас жасөспірімдер арасында әртүрлі салмақ дәрежесінде еркін күрестен Қаратал аудандық чемпионатына Бәйшегір ауылдық округінің Спорт кешенінің тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі орындармен оралды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
ІІ орын – Тәңірберген Шахнұр (20 кг)
ІІ орын – Ишан Нартай (32 кг)
ІІ орын – Қуанышбек Байқадам (45 кг)
ІІІ орын – Қалиасқар Нұрасыл (26 кг)
ІІІ орын – Жасбатыр Жанәділ (29 кг)
ІІІ орын – Орман Әлішер (57 кг) жүлделі орындарды иеленді.
Жаттықтырушы: Дүйсебаев Жандос Молтаевич
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!