
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әулие ата-бабаларымыздың зираты тазартылып, Дөңши жолының бойы қоқыстан аршылды.
Сенбілікке ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылар белсенді түрде қатысты.
Мақсаты: қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын нығайту.
Тазалық – біз бен сізден басталады!