Дәстүр мен мәдениет – ел айнасы

Дәстүр мен мәдениет – ел айнасы

16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр күніне Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Салт - дәстүрім салтанатым" атты тақырыпта 7 - 8 сынып оқушыларымен зияткерлік ойын өткізілді. Зияткерлік ойын бірнеше кезеңнен тұрды : "Салт - дәстүр сыры" - қатысушылар қазақтың дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап берді. "Мақал - сөздің мәйегі" мақал мәтелдерді жалғастыру тапсырмасы. "Ұлттық тағамдар әлемі" қазақтың ұлттық тағамдары туралы танымдық сұрақтар. "Тұлғалар тағылымы" - қазақ мәдениетіне үлес қосқан тұлғалар туралы сұрақтар. "Кім жылдам ?" - блиц сұрақтар кезеңі. Ойын барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық салт-дәстүрлер жөніндегі білімдерін ортаға салды. Кітапхана қызметкерлері арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарға ұлттық мәдениет туралы әдебиеттерге шолу жасады. Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, ұлттық құндылықтарды қастерлеудің маңыздылығы айтылды. Кеш жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.