
“Абай атындағы орта мектебі” КММ-де әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес «Зерде» жаратылыстану-математикалық бірлестігінің жабылуына арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның тақырыбы: «Жаратылыстану + ЖИ = жаңа мүмкіндіктер».
Шара барысында жаратылыстану пәндерінің заманауи білім беру жүйесіндегі маңызы, ғылым мен технологияның дамуы, сондай-ақ жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері туралы айтылды. Мұғалімдер мен оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, қызықты тәжірибелер мен танымдық жұмыстарға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, жаратылыстану пәндері арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту және заманауи технологияларды тиімді қолдануға баулу.