«Азаттық жолындағы арпалыс»

«Азаттық жолындағы арпалыс»

2026 жылдың 24 ақпан күні Алмалы ауылдық кітапханасында Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 110 жылдығына орай "Азаттық жолындағы арпалыс" атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы тақырыпты таныстырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері мен тарихи маңызы туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, көтеріліс жетекшілері - Амангелді Иманов, Әбдіғапар хан, Бекболат Әшекеев туралы мәлімет берді. Оқушылар тарихи деректерге назар аударып, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Өз ойларын білдіріп, тақырыпқа қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушылар патриоттық рухты өлеңдерін оқып, тарихи көрініс қойды. Шара барысында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға ұсынылды. Шара соңында кітапханашы қорытынды жасап, тәуелсіздік жолында күрескен батырлардың ерлігі әрдайым ұмытылмайтынын атап өтті.