«Дала музыкасын жүрегімен сүйген» – Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған танымдық сағат

«Дала музыкасын жүрегімен сүйген» – Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған танымдық сағат

2026 жылдың 17 ақпан күні Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Дала музыкасын жүрегімен сүйген" атты Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған танымдылық сағаты өткізілді. Шараның мақсаты - қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Латиф Хамидидің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақты ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға композитордың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, оның "Қазақ вальсі ", "Бұлбұл" сияқты танымал әндері таныстырылды. Кеш барысында оқушылар ақынға арналған өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Қатысушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар видеослайд пен кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ұсынылды. Шара соңында қатысушылар ұлттық өнердің маңыздылығын түсініп, рухани әсер алды.