ЖАНҰЯ» орталығы мамандарының ауыл тұрғындарымен кездесуі

ЖАНҰЯ» орталығы мамандарының ауыл тұрғындарымен кездесуі

12 ақпан күні Бәйшегір ауылдық округінің Алмалы ауылы мәдениет үйінде «ЖАНҰЯ» отбасын қолдау орталығының мамандары ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында орталық мамандары отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, психологиялық қолдау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мамандар жеке қабылдау өткізіп, кеңес берді.
Аталған кездесу тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды шара болды.