
2025 жылдың 1 қазан күні Бәйшегір ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара өткізілді. Іс-шара барысында ауылдың абыз қарттары мен ақ жаулықты аналарға мерекелік дастарқан жайылып, ауыл көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ, жылы лебіздер айтылып, шараға демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдірілді.