Соңғы уақытта жасөспірімдерге бағытталған алаяқтық жағдайлары көбейіп кетті. Алаяқтар онлайн ойындар мен мессенджерлерді (әсіресе Telegram) пайдаланып, балаларды алдап, ата-аналардың банк карталарының деректерін қолға түсіруге немесе кәмелетке толмағандарды заңсыз қаржылық әрекеттерге тартуға тырысады.
❗ Балаларға ойын арқылы ұтыс ұтып алуға немесе «оңай ақша табуға» болады деп сендіріп:
* банк карталарының суретін CVV-кодымен бірге сұратады;
* карталарын «жалға беруді» ұсынады;
* достары мен сыныптастарының карталарын жинауды сұрайды.
⚠️ Бұл әрекеттердің салдары өте ауыр болуы мүмкін — заң алдында жауапқа тарту қаупі бар және баланың психикасына, өмірге деген сеніміне зиян келтіреді.
Сіз не істей аласыз?
* Баламен ашық сөйлесіп, алаяқтықтың кім екенін және неге банк картасының деректерін ешкімге беруге болмайтынын түсіндіріңіз.
* Қауіпті арналарға жол бермес үшін ата-ана бақылауын орнатыңыз.
* Балаңыз интернетте кіммен, не жайлы сөйлесіп жүргенінен хабардар болыңыз.
🛡 Комитет осындай жағдайлардың алдын алу мен қауіпсіздікті күшейту бағытында жұмысын жалғастыруда. Алайда ең басты қорған — бұл отбасы ішіндегі сенім мен ашық әңгіме.
📞 Күмәнді әрекеттерді байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына немесе 111 байланыс орталығына хабарласыңыз.
Балаларыңызға қамқор болыңыз — олардың қауіпсіздігі сіздің хабардар болуыңыздан басталады!