Ауылдық округ әкімі Медет Серғазыұлы Сағатбеков 2020 жылғы 27 қарашада тағайындалды.
Округтің аумағы 47992 га құрайды.
Округке 4 елді мекен кіреді, жалпы халық саны - 1438 адам.
Көкпекті ауылы округ орталығы болып саналады, тұрғылықты халық саны - 675 адам, Жасталап ауылында 308 адам, Айту ауылында 275 адам, Қожбан ауылында 180 адам тұрады.
Округте 134 шаруашылық субъектісі бар.
Ауылшаруашылық маңыздағы жерлер 32931 га құрайды, оның ішінде 2322 га шабындық, 30938 га жайылым.
Ауылдар ауыз сумен және электр жүйелерімен толық жабдықталған.
Аудан орталығымен байланысқан тас жолдың ұзындығы қатты жабынмен 18 шақырымды құрайды.
4G билайн кеңжолақты интернетпен 4 ауыл қамтылған.
Көкпекті ауылында 1 пошта бөлімшесі жұмыс жасайды, сондай-ақ мәдениет үйі, Көкпекті ауылында Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі, Қожбан ауылында Қожбан бастауыш мектебі, Жасталап ауылында Құлжабай батыр атындағы орталау мектептері жұмыс жасауда. 1 подстанция, 4 ауылдық амбулатория, 1 кітапхана, Айту би ауылдық әкімдігі, 1 дүкен, 145 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.
Ауылдық округ бойынша Көкпекті ауылында 1 шағын орталық бар, 25 баланы қамтиды.
Көкпекті ауылындағы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте (1986 жылы салынған) 123 оқушы оқиды және Құлжабай батыр орталау мектебінде (1984 жылы салынған) 42 оқушы бар.
Қожбан ауылындағы Қожбан бастауыш мектебінде (2017 жылы салынған) 7 оқушы оқиды.
| Мекенжайы | Жетісу ауданы, Қаратал ауданы, Айту би ауылдық округі, Көкпекті ауылы, көш. С.Сейфуллина18 |
| Индекс | 041004 |
| akimat.aitubi@zhetysu.gov.kz | |
| Қабылдау номері | 8 (72834) 2-83-42 |
| Жазылу номері | 8 (72834) 3-83-61 |
| Ақпаратқа қол жеткізуге уәкілетті тұлға | 8 (72834) 2-83-42 |
| Өтініш жазу | eOtinish |




