Жетісуда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы өтті

[08:16, 21.04.2026] Ажар Калимолдина: Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Аталған бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамытуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Акция Жоңғар Алатауы тауларының бөктерінде өтіп, арнайы ұйымдастырылған экологиялық сенбілік жүргізіліп, еріктілер мен жастар қауымы табиғи аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Шараның негізгі мақсаты - қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру болды.

Аталмыш экологиялық акцияға барысында 50-ден астам еріктілер мен қатысушылар пластик, қағаз, киім-кешек және электронды қалдықтарды жинап, оларды дұрыс сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялау жауапкершілігін арттыруға және жастардың экологиялық санасын дамытуға бағытталды. Іс - шара соңында қатысушыларға арналған жастар кеші ұйымдастырылып, мерекелік әрі танымдық бағдарлама ұсынылды. Іс - шара аясында тұрғындар да экологиялық акцияға белсене қатысып, өздеріне белгіленген аумақтардан қалдықтарды жинап, арнайы қабылдау орындарына өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, қоғамда жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай акциялар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы азаматтық жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік береді.

- «Eco Spring Action» экологиялық акциясы тек қоқыс жинау шарасымен шектелмей, экологиялық ағартушылық сипаттағы маңызды бастамаға айналды. Мұндай игі бастамалар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялау құндылықтарын дәріптеуге және болашақ ұрпақ үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға нақты үлес қосылуда. «Eco Spring Action» акциясы - Жетісу өңірінде экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қала тұрғындарының кең қолдауына ие болды – деп атап өтті Жетісу облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің альянсы» омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша
[08:16, 21.04.2026] Ажар Калимолдина: новости-жкх, работа с нас
[08:17, 21.04.2026] Ажар Калимолдина: Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?
[08:17, 21.04.2026] Ажар Калимолдина: Әрбір шақыру науқаны әскерге шақыртудан бастап медициналық тексеруден өтуге дейін бірқатар кезеңдерді қамтиды. Төменде шақырту қалай беріледі, мәртебені қалай тексеруге болады, кімдерге кейінге қалдыру қарастырылған, егер сіз оқуда болсаңыз немесе шетелде жүрсеңіз не істеу керек сынды әрбір әскерге шақырылушы білуі тиіс негізгі жайттар қарастырылған.

Шақырту қағазы қалай беріледі және оны алғаннан кейін не істеу керек?

Шақырту қағазы – азаматты жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) шақыру шараларына қатысу үшін шақыратын ресми құжат. Қарапайым сөзбен айтқанда, әскерге шақыру осы ресми құжаттан бастау алады, ал оны орындау - әрбіз жас азамат үшін міндетті заңды талап.

Шақырту бірнеше жолмен жіберіледі. Қол қойдыру арқылы жеке беріледі, жұмыс беруші немесе оқу орны арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар, eGov.kz порталының жеке кабинеті, eGov Mobile қосымшасы және SMS арқылы жеткізу секілді цифрлық хабарламалар да енгізілген. Ол 2025 жылдан бастап заңды күшіне енді.

Құжатта келу күні, уақыты және мекенжайы көрсетіледі. Дәлелді себепсіз келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал жүйелі түрде жалтару, яғни әскерден түрлі сылтаулармен қашу – қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Шақырту алғаннан кейін деректердің дұрыстығын тексеру қажет: аты-жөні, мекенжайы, келу күні және шақыру мақсаты (медициналық комиссия, деректерді нақтылау және т.б.). Алдын ала қажетті құжаттарды дайындаған жөн. Олардың қатарында жеке куәлік, тіркеу куәлігі (бар болса), білім туралы құжаттар немесе оқу орнынан анықтама, медициналық қорытындылар, сондай-ақ кейінге қалдыруға құқық беретін құжаттар бар.

Егер белгіленген уақытта келу мүмкін болмаса, жергілікті әскери басқару органын (әскери комиссариатты) алдын ала хабардар етіп, себебін құжатпен растау қажет. Аурып қалған жағдайда – медициналық анықтама, оқу немесе жұмысқа байланысты болса – тиісті растайтын құжаттар ұсынылады. Дәлелді себеп міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Шақырту қағазы бірден әскерге жіберуді білдірмейді. Әдетте бұл деректерді нақтылау, медициналық тексеруден өту, жарамдылық санатын анықтау және кейінге қалдыру негіздерін тексеру үшін жүргізіледі. Уақтылы дайындық болған жағдайда, бұл рәсім еш қиындықсыз өтеді.