
Жиналысқа кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г. Байғазинова, кәсіпкерлік палатасы мен мансап орталығынан, сондай-ақ салық қызметінің маманы қатысты.
Жиында шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз бизнесін бастау, сондай-ақ бірнеше шаруа қожалығы немесе жеке кәсіпкерлер бірігіп кооператив құру мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, салық қызметінің маманы 2026 жылға арналған салық саласындағы өзгерістер бойынша ақпарат берді.