Жуырда «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ қызметкерлері Өзбекстан Республикасының Мүгедектерді оңалту және протездеу ұлттық орталығына тәжірибе алмасу сапарымен барды.
🫱🏻🫲🏼 Іс-шара аясында мамандар психологиялық, әлеуметтік, кәсіби оңалту бағыттарында көрсетілетін кешенді қызметтермен танысып, мамандармен тәжірибе бөлісті.