Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аталған сала мамандарын құттықтады.

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аталған сала мамандарын құттықтады.

Жиында қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаев мемлекетке, халыққа қызмет етудің маңыздылығы туралы атап өтіп, өңірді дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.
Осы ретте облыс қайта құрылғаннан бергі 3 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық салаларда қол жеткізген жетістіктер жайлы қысқаша баяндады.

Осы күні мемлекеттік қызметте жолын енді бастаған жас мамандар Еділ Орымбеков, Дастан Құдайберген, Айдана Арин Отанға, Конституцияға және Қазақстан халқына адал болуға ант берді.

Бұдан соң мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматқа марапаттар тапсырылды. Соның ішінде аудан-қала әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері «Үздік мемлекеттік қызметші», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілерімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапатталғандардың ішінде Бәйшегір ауылдық округінің бас маманы Конысбекова Айнагүл.