30 мамыр күні «Жанұя» орталығында балақайларға шаттық пен қуаныш сыйлаған тамаша мереке өтті!
Балалардың жарқын күлкісі мен шат көңіліне толы бұл күн ерекше әндермен, әсерлі билермен, қызықты ойындармен және шынайы тілектермен әрленді.
Іс-шара мақсаты – балалардың құқықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың бойында өз құқығын қорғау мен өзгені құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар оларға керемет көңіл-күй сыйлау болды.
Балалар ән айтып, би биледі.
«Дәлдеп түсіру», «Кім мұқият?», «Қимылда, топ!», «Кім жылдам?» сынды қызықты ойындар ойналды.
Қатысушылардың барлығына арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Аудандық ақсақалдар ұйымының төрағасы Ибраимов Бақберген Қуатәлиұлы балаларға жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар ұсынды.
Бүгінгі күн – болашақ ұрпаққа мейірім мен қамқорлықтың жарқын көрінісі болды.
Балалар – біздің болашағымыз! Олардың күлкісі – ең үлкен байлығымыз!