9 Мамыр - Жеңіс күні

9  Мамыр  -  Жеңіс  күні

Ұлы Жеңістің мейрамына орай - 9 мамыр күні Шеңгелді ауылының «Даңқ мемориалында» екі әскери бөлімдердің қатысуымен мерекелік  салтанатты  шара өткізілді. Салтанатты шарада даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылып, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік шара кезінде ауыл әкімі жиналған қауымды Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтады. Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  концерттік бағдарлама қойылды.

 Мерекелік іс – шара Шеңгелді ауылының жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының демеушілігімен тыл ардагерлеріне арналған дастархан  мәзірімен жалғасты.