Көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысы бойынша мәлімет

Көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысы бойынша мәлімет

Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық кешенді бағдарламасына сәйкес 2022 жылы 14500 гектар егістік жердің игерілуі көзделіп отыр, оның ішінде 9500 гектары суармалы жерлер.

2022 жылғы жоспар бойынша:

дәнді дақылдар – 5207 гектар:

оның ішінде жаздық арпа – 3950 гектар,

дәндік жүгері – 1257 гектарға,

майлы дақылдар – 4062 гектарға,

картоп – 500 гектарға,

көкөністер барлығы – 1981 гектарға,

бақша дақылдары – 250 гектарға,

қант қызылшасы – 150 гектар,

мал азықтық өнімдер – 2350 гектар.

Бүгінгі күні көктемгі жер жырту, ылғалдың жабылуы, егіс алдындағы өңдеу жұмыстары толығымен 100%-ға орындалды. Жаздық масақты дәнді дақылдың 100%, дәндік жүгерінің – 39,8 %, майлы дақылдардан мақсары - 100%, қытай бұршақтың- 25%, көкөністің – 94,4%, картоптың - 50%, қант қызылшасының – 100%, көпжылдық шөптің - 100%-ы егілді.

Голландиялық «Рейнджер», «Дайтона– F1», «Манас», «Мелодин», «Альбина» сорттарымен 320 гектарға бас пияз отырғызылды. Көпжылдық мал азығына жоңышқа – 1450 гектарға «Жергілікті Семиреченская» сортымен себілді.

Қант қызылшасының «Ардан», «Марива», «BETASEED»  сорттары, арпаның «Бәйшешек», «Арна», «Вакула» сорттары, мақсарының «Центр-70», «Ника 80» сорттары егілді.

Ауылшаруашылық құрылымдарға көктемгі егіс – дала жұмыстарын жүргізу үшін Облыстық ауыл шаруашылық басқармасынан 230 тонна жанар-жағармай бөлініп, оның литрін 194 теңге арзандатылған бағамен төлеп алу қарастырылды.