"Ел тірегі Елбасы" атты салтанатты жиын!

"Ел тірегі Елбасы" атты салтанатты жиын!

 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай қалалық мәдениет үйінің көрермендер залында "Ел тірегі Елбасы" атты салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік жиын басында Құрманғазы атындағы фольклорлық оркестрі Құрманғазының "Балбырауын", "Адай"" күйлерін орындады. Сондай-ақ Қапшағай қаласының әкімі Н.Құматаев қала тұрғындары мен қонақтарды мерекемен құттықтап, "Қапшағай қаласының құрметті азаматы " атағы бірнеше азаматтарға табысталды. Мерекелік концерт көрінісімен, әсем ән мен биімен әсерлі өтті. Концерттің қонақтары Республикалық, облыстық байқаулар Лауреаты Гүлім Ахманова Жомарт Тәкебаев және Ерназ Халық.

Мерекелік концерттік бағдарламасының ұйымдастырушылары : Қапшағай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қапшағай қалалық мәдениет үйі мен Арна ауылдық клубының ұжымы