ЕС-164/4 мекемесінде қақпа алдында кездесу

ЕС-164/4 мекемесінде қақпа алдында кездесу

   Сотталғандарды қоғамда әлеуметтік бейімдеу мақсатында, «қақпа алдында кездесу» атты жоба ЕС-164/4 мекемесінің сотталғандарды еңбекпен және тұрмыспен қамтамасыз ету бойынша аға инспекторы әділет аға лейтенанты С. Бестерекованың шақыруымен жұмыспен қамту орталығының маманы, Қапшағай қалалық пробация қызметінің инспекторының қатысуымен өткізілді. Бүгін, ЕС-164/4 мекемесінен жазасын толық өткергеніне байланысты екі сотталған босап шықты. Қ ылмыстық-атқару жүйесі мекесінен босағанға дейін, әлеуметтік құқық көмек көрсетілетіні жайлы: нақтырақ айтқанда тұрғылықты мекен-жайы бойынша Пробация қызметіне келіп, «жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне бір жолғы төлем ақы алу үшін, жұмысқа орналасу, белгілі мамандықты үйрену және т.б  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тіркеуде тұрған адамға, оның мемлекетке және қоғамға маңызды екенін түсіндіру өте маңызды және ол үшін өзін-өзі түзеуге тырысу керегі анық.

Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде.

 

 

Қапшағай қалалық Пробация қызметі бөлім бастығы әділет майоры

Б.М. Жетмекова